Геннадий Головкин өкілетінен айырған Ұлттық Олимпиада комитетінің бұрынғы бас хатшысы Жанар Өтешева бұл жаңалыққа қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Сенімді жоғалтпаған" достардан келген қоңыраулар легінде шек жоқ. Менде бәрі жақсы, бәріне көп рахмет! Ақпаратқа қатысты тек бір нәрсе айта аламын. Сіздерге ұсынылған нұсқада "шикі" тұстар көп. Олардың орны уақыт өте келе толатын болар. Оған дейін ешқандай пікір білдіре алмаймын. Кем дегенде біреу ер жігітке тән әрекет жасауы керек қой", - деп жазды Жанар Өтешова Instagram-дағы парақшасында.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Бүгін, 21 тамызда ҰОК президенті Геннадий Головкин бас хатшы Жанар Өтешеваны қызметінен алып тастағаны белгілі болды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз