Олимпиада алтынын бес рет алған жалғыз балуан карьерасын аяқтады

Manas Корреспондент
Фото ©️ Reuters

Нуньес 2008 жылғы Бейжің ойындарынан бері барлық Олимпиадада грек-рим стилі бойынша 130 келіде алтын алып келді. Париж Ойындарында ол Олимпиданың бес дүркін чемпионы атанған тарихтағы жалғыз балуан болып отыр. 

Биыл 42 жасқа келетін балуан финалда чилилік Ясмани Акоста Фернандесті жыққанан кейін (6:0), күрескенде киетін аяқ киімін шешіп, бір сүйді де бозкілемнің ортасына қойды. Осылай ол кареьрасын аяқтайтынын білдірді. 

Олимпиададн бөлек кубалық балуан әлемнің (2005, 2007, 2009, 2010, 2014) және Панамерикалық ойындардың бес дүркін чемпионы (2003, 2007, 2011, 2015, 2019).

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама