Головкин мансабын аяқтауға қатысты маңызды сұраққа жауап берді

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ instagram.com/gggboxing

Мен зейнетте емеспін. Отбасыммен өткізіп жүрген уақыттан ләззәт алып жүрмін. Менде қазір жаңа жұмыс бар, спорт саласында жүрмін, бұл маған ұнайды. Бірақ мен ешқашан мансабымды аяқтағанымды айтқан емеспін. Мен үшін өмір деген сәттерден тұрады, егер қандай да бір мүмкіндік пайда болып, сәті түссе рингке оралуым бек мүмкін, - дейді GGG LA Times-ке берген сұхбатында. 

Айта кетейік, 42 жастағы боксшы соңғы рет 2022 жылдың қыркүйек айында жекпе-жек өткізді. Онда төрешілер шешімімен мексикалық Сауль "Канело" Альвареске жол берді. 

Генадий Головкин осы жылдың ақпан айынан бастап ҚР ҰОК президенті болып сайланды. 

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама