Ресейден келген мәнерлеп сырғанаушы Қазақстан чемпионы атанды

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ GLOBAL LOOK PRESS

Қысқа бағдарлама қорытындысы бойынша Софья Самоделкина кеше екінші орынға тұрақтаған еді. Жаттығулардың бірін орындауда жығылып қалған болатын. Нәтижесінде 51,89 балл жинаған алматылық София Фарафонова көш бастап шыққан. 

Бүгін өткен еркін бағдарлама нәтижесінде София Самоделкина алға шықты. Екі жаттығу қорытындысында 161, 43 баллмен жарыс жеңімпазы атанды. 

1. Софья Самоделкина (Астана) - 161,43;
2. София Фарафонова (Алматы) - 140,55;
3. Анна Санникова (Павлодар) - 136,21.

Айта кетейік, 17 жастағы Софья төрттік секіру мен қатарынан үш аксель жасай алатын санаулы спортшылар қатарынан. Былтыр Қазақстан азаматтығын алған спортшы алдағы маусымнан бастап әлемдік жарыстарда Қазақстан атынан бақ сынайды. 

Софья Самоделкина жуырда ғана Қазақстан әнұранын жаттап жүргенін айтқан болатын. Алғашқы ресми жарысында жеңімпаз атанды. 

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама