"Барселона" ойыншысы "Семейге" ауысты

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ Globo Esporte

"Семей" футзал клубы Феррао деген атпен танымал Карлос Вагнер Гуларте Филомен келісімшартқа отырды. Әлемнің 3 дүркін үздік ойыншысы жаңа маусымнан бастап «Семей» футзал клубының ойыншысы атанды, - деп жазды клуб ресми хабарламада.

Бұған дейін Феррао Бразилияның "Кортьяна" мен "Крона", Ресейдің "Түмен" және Испанияның "Барселона" клубтарында ойнап, олармен екі реттен ел чемпионатын және УЕФА Чемпиондар лигасын жеңіп алған.

Бразилия ұлттық құрамасының ойыншысы үш жыл қатарынан (2019, 2020 және 2021) әлемнің үздік ойыншысы деп те танылған. 

Айта кетейік, "Семей" командасы осыған дейін ұлттық құрама қақпашысы Игитаны да қатарына қосқан болатын. 

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама