Головкинмен жұдырықтасқан танымал боксшы мансабын аяқтады

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ USA Today

Мен мансабымды аяқтағанымды хабарлаймын. Боксқа разымын, менің өмірімді өзім елестете алмайтындай дәрежеде өзгертті, құндылықтарын бойыма сіңірдім. Мен қазіргі деңгейіме бокс арқылы көтерілдім, - деп жазды Джейкобс. 

Дэниел Джейкобс қазір 37 жаста. Кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегін 2007 жылы бастаған. 2014 жылы WBA атағын иеленіп, төрт рет сәтті қорғады. 

2017 жылы отандасымыз Геннадий Головкинмен жұдырықтасып, лайықты қарсылық көрсете білді. Жекпе-жек соңына дейін жалғасып, GGG төрешілер шешімімен жеңіске жетті. 

2018 жылы Сергей Деревянченконы жеңіп, IBF чемпиондық атағын иеленді. Араға бір жыл салып мексикалық Сауль Альвареспен жұдырықтасып, төрешілер шешімімен қарсыласына жол берді.

Айта кетейік, қазір Геннадий Головкин ҚР ҰОК президенті қызметін атқарады. Кеше ғана Мемлекет басшысы Қ. Тоқаетың қабылдауында болып, Олимпиада алдында есеп беріп, жоспарын айтты.

Спорт барлығына жетеді!

Спорттық эмоциялардың бас демеушісі 1XBET компаниясы барлық жаңа пайдаланушыларға 200 000 дейін сыйлайды! Өзіңе ұнайтын спорттық іс-шараларды қара және фавориттеріңмен бірге жеңіске жет! Толық ақпарат 1XBET.KZ сайтында және қосымшасында!

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама