Елена Рыбакина Уимблдон турниріндегі екінші матчында қиындыққа тап болды

Мира Лұқпан Корреспондент
Фото ©️ instagram.com/wimbledon

Елена Рыбакина "Үлкен дулыға" турнирінің 1/32 финалдық кезеңінде неміс теннисшісі Лаура Зигемундқа (WTA әлемдік рейтингінде 72-орын) қарсы ойнады. Қазақстандық спортшы 6:3, 3:6, 6:3 есебімен үш сетте жеңіске жетті. Кездесу 2 сағат 14 минутқа созылды, 12 брейк-пойнттың төртеуін сәтті пайдалана білді.

Елена ойын кезінде бес эйс жасап, үш рет қос қателік жіберді.

Айта кетейік, 1/16 финалда Рыбакина Каролин Возняцки (Дания) - Лейла Фернандес (Канада) жұбының жеңімпазымен ойнайды.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама