Александр Бублик Уимблдонның үшінші айналымына шықты

Мира Лұқпан Корреспондент

Бублик "Үлкен дулыға" турнирінің 1/32 финалы аясында өткен матчта француз теннисшісі Артур Казоға (әлемнің 98-ші ракеткасы) қарсы ойнады. Екі сағат алты минутқа созылған ойында қазақстандық спортшы үш сетте 6:4, 7:6(1), 6:4 есебімен жеңіске жетті.

Александр Бублик келесі кезеңде Томми Пол (АҚШ) - Отто Виртанен (Финляндия) жұбының жеңімпазымен кездеседі.

Айта кетейік, 27 жастағы қазақстандық спортшы қазір ATP әлемдік рейтингінде 23-орында тұр.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама