Зарина Дияс та Уимблдон іріктеу кезеңінің финалында ойнайды

Мира Лұқпан Корреспондент
Фото ©️ Қазақстан теннис федерациясы

Ол іріктеу кезеңінің жартылай финалында америкалық теннисші Сачия Викеримен кездесті. Қазақстандық спортшы қарсыласын 3:6, 7:5, 7:5 есебімен жеңді.

Дияс матч кезінде екі эйс жасап, үш рет допты ойынға бере алмады, 10 брейк-пойнттың жетеуін сәтті пайдаланды.

Айта кетейік, Қазақстанның бұрынғы бірінші ракеткасы 2014 және 2015 жылдары Уимблдонның төртінші айналымына дейін жеткен болатын.

Еске салайық, бұған дейін қазақстандық теннисшілер Бейбіт Жұқаев, Денис Евсеев, Михаил Кукушкин және Тимофей Скатов Уимблдон турнирі іріктеу кезеңінің финалына шыққанын хабарлаған едік.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама