Юлия Путинцева Бирмингемдегі турнирдің екінші кезеңіне шықты

Мира Лұқпан Корреспондент
Фото ©️ Қазақстан теннис федерациясы

Юлия Путинцева бірінші айналымдағы матчында франциялық теннисші, әлемнің 43-ракеткасы Клара Бюрелді екі сетте 6:3, 6:4 есебімен ұтты. 

Путинцева матч кезінде бір эйс жасап, бірде-бір қос қате жібермеді және жеті брейк-пойнттың төртеуін сәтті пайдаланды.

Қазақстандық теннисшінің келесі қарсыласы кейінірек анықталады.

Еске салайық, бұған дейін Александр Бублик Германиядағы былтыр чемпион атанған турнирді сәтті бастағанын жазған едік. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама