Өзбекстандық боксшы былтыр отандасын жылатқан Нұрасыл Төлебектен есе қайтарды

Manas Корреспондент
Фото ©️ Sputnik

54 келіде өнер көрсететін Нұрасыл өзбекстандық Собиржон Тастановпен жұдырықтасты. Бірінші раундта қазақ боксшы басым болғанымен, қалған екі раундты қазылар өзбек боксшының еншісіне жазды. 

Осылайша, финалға 4:1 есебімен жеңіске жеткен Тастанов өтіп отыр. 

Былтырғы жастар арасындағы Азия чемпионатының жартылай финалында да Нұрасыл Төлебек өзге өзбекстандық Иброхим Гиёсовпен жұдырықтасқан. Ол жекпе-жекте қазақ боксшыны таза жеңген еді - 5:0. Төрешілер шешімі айтылғаннан кейін өзбекстандық бкосшы көз жасын тоқтата алмай қалған болатын. 

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама