100 метрдің жүйрігі. Қазақстандық спортшы Азия чемпионы атанды
Ольга Сафронова 100 метрді 11:17 секундта жүгіріп өтті. Осы нәтижесі арқылы 2019 жылы өтетін әлем чемпионатына жолдама алды. Сондай-ақ құрлықтық рекордты да жаңартты.
1. Ольга САФРОНОВА (Қазақстан) – 11,17
2. Сяоджин Лианг (Қытай) – 11,28
3. Йонгли Вей (Қытай) – 11,37
Сондай-ақ, әйелдер арасында 800 метрге жүгіруде Маргарита Мұқашева қола медальға қол жеткізді. Оның уақыт көрсеткіші 2:03:83 сағат уақыт болды.
Ядро лақтырудан Қазақстан командасының мүшесі Иван Иванов та қола жүлдегерлер қатарынан көрінді.
Ал осыған дейін желаяқ Михаил Литвин 400 метрге жүгіруден Азиядағы үздік үштікке енген болатын.