Германияда спорттық гимнастикадан өткен халықаралық турнирде қазақстандық команда бірінші орын алды. Ал жекелей сында 10 жастағы Нұртан Идрисов чемпион атанды,-деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Бүгін мен жеңіске жеттім. Мен елдің абыройын халықаралық жарыста көтергенім үшін өте қуаныштымын! Өзінің жеңісімді ел тәуелсіздігінің 26 жылдыға арнаймын, - деді жас спортшы Нұртан Идрисов. Н.Идрисов Қазақстанның 2017 жылғы жастар чемпионатаның жеңімпазы. Ол спорттық гимнастикамен 6 жасынан бастап айналысады. Нұртан Идрисов мен Роман Маменов Павлодар қаласының №4 спорт мектебінің тәрбиеленушілері. Олар ҚР аға жаттықтырушысы Виктор Порошиннен тәлім алады. Дереккөз:inform.kz