Сәттібаев Қытайдағы турнирді сәтті бастады
52 келіге дейінгі салмақта бақ сынайтын қазақстандық боксшы қарсыласын 3:0 (29:28, 29:28, 30:27) есебімен жеңіп шықты. Ширек финалда Олжас оңтүстік кореялық боксшы Инк Киммен жұдырықтасатын болады.
Айта кетейік, осыған дейін Қазақстан құрамасы сапынан қыздар арасында Дариға Шакимова мен Назым Ишанова, ерлер арасында Жәнібек Әлімханұлы ширек финалға шыққан болатын. Ал Назым Қызайбай бес дүркін әлем чемпионы Мэри Комды жеңе алмаған еді.
Бүгін шаршы алаңға Олжастан бөлек үш боксшымыз шығады. 64 келіде Абылайхан Жүсіпов, 75 келіде Жәнібек Әлімханұлы, 81 келіде Әділбек Ниязымбетов ел намысын қорғайды.