Садриддин Ахмедов мексикалық боксшымен жұдырықтасады
BoxRec.com ақпараты бойынша отандасымыз 19 сәуір күні мексикалық Элиас Эспадаспен (23-6, 16 КО) жұдырықтасады. Промоутер Том Леффлер ұйымдастыратын бокс кеші Коммерсте (АҚШ, Калифорния штаты) өтеді.
Жекпе-жек 10 раундқа жоспарланған.
Садриддин бұған дейінгі жекпе-жегін 13 желтоқсан күні Калифорнияда өткізіп, америкалық Рафаэль Игбоквені (17-6, 7 КО) жетінші раундта нокаутпен жеңіп шыққан болатын.
Элиас Эспадас та желтоқсанда жекпе-жекке шыққан. Рамон Барахас (14-40, 4 КО) есімді боксшыны екінші раундта нокаутпен жеңген.