Кака жарымен неге ажыраспақ?

О Сансызбай Корреспондент

Футболшы мен жары Каролина Селико өзара келісімнің нәтижесінде мұндай қадамға барып отырғанын айтқан. 2005 жылы шаңырақ көтерген отбасында 6 жасар Лука есімді ұл мен 3 жасар Изабелла есімді қыз бар. Бұл нәрестелер де екі жасты райынан қайтармаған көрінеді.

- Біз өзара келісім нәтижесінде ажырасуды жөн санадық, - деп отыр жұбайлар.

Шетелдік бұқаралық ақпарат құралдары Кака мен Каролинаның ажырасуына 2013 жылы Бразилияның ең сұлу аруы атанған Жаклин Оливейраны себепкер ретінде қарауда. Шабуылшы мен бразилиялық сұлу арасындағы қарым-қатынас осыдан бір жыл бұрын да айтылған болатын. Бірақ, ол кезде Кака мен жары ақпаратты жалғанға шығарған еді.

Қазіргі таңда Кака келісімшарт бойынша MLS лигасындағы «Орландо Сити» командасы құрамындағы ойыншы болып саналады. Бірақ, клуб футболшыны 2015 жылдың наурыз айына дейін спорттық мансабын бастаған «Сан-Паулуға» жалға беріп отыр. 

Сурет: top-antropos.com

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама