Апалы-сіңілі Уильямстар арасына не жік түсті?

О Сансызбай Корреспондент

«Үлкен дулыға» санатындағы жарыстың ресми сайты таратқан ақпарат бойынша, апалы-сіңілі Серена мен Винус Уильямстар испандық Анабель Медина-Гарригес пен отандасымыз Ярослава Шведованыңқарсыласы атанған еді. Бірақ, америкалық теннисшілер жұптасып өнер көрсетпейтін болды. Кей батыстық ақпарат құралдары апалы-сіңілі спортшылардың ренжісіп қалғанын да жазуда. Бұл туралы екі теннисші де нақты мәлімдеме жасаған жоқ. Олар осыған дейін жұптасып ойнауда «Australian Open» турнирін 4 рет жеңіп алған (2001, 2003, 2009, 2010 ж) болатын.

Айта кетейік, 22 қаңтар күні таңертең отандасымыз Зарина Диас Оңтүстік Африка Республикасының теннисшісі Шанель Спехерспен жұптаса, Дарья Юрак (Хорватия) пен Меган Мултон-Леви (Ямайка) жұбына қарсы ойнайтын болады.  

Сурет: sports.ru

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама