2018 жылғы қысқы Олимпиада екі елде өтуі мүмкін

О Сансызбай Корреспондент

Қысқы Олимпиада ойындарын ұйымдастырушылар қаржы тапшылығына ұшыраған. Құрылыс жұмыстары да кешеуілдеп жүргізіліп жатыр. Осыған орай, аталған ел басшылығы кей спорт түрлерін Жапонияда өткізуді жоспарлап отырғанға ұқсайды. Олар шана спортын, бобслей және скелетон ойындарын жапон жерінде өткізу мәселесін талқылауда. Алайда «күншығыс елі» бұл ұсынысты қабыл алар ма екен? Бірақ, осыған дейін Оңтүстік Корея мен Жапония 2002 жылы футболдан әлем чемпионатын бірігіп өткізген, және теңбіл доп тарихында екі ел қатар өткізген алғашқы доп додасы болып қалған еді. Бәлкім, жапон жұрты бұл ұсынысты қабыл алып қалар...

Естеріңізге сала кетсек, Пхенчханнан кейінгі 2022 жылы өтетін Олимпиада ойындарын қабылдауға Алматы қаласы мен «аспан асты елінің» Бейжің қаласы үмітті. Халықаралық Олимпиада комитеті нақты шешімді 2015 жылдың 31 шілдесінде Малайзияның Куала-Лампур қаласында өтетін 127-ші отырысында қабылдайтын болады.

Сурет: auditcorps.com

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама