
Криштиану Роналду өз құрметіне музей ашпақшы
Музей Роналдудың дүние есігін ашқан, алғаш спорттық жолын бастаған Португалияның Мадейра аралында ашылмақшы.
Музей Роналдудың дүние есігін ашқан, алғаш спорттық жолын бастаған Португалияның Мадейра аралында ашылмақшы.
Бразилия құрамасының және мадридтік «Реалдың» бұрынғы ойыншысы Роналдоның пікірінше Месси «алтын доптарының» санын биыл беске жеткізеді.
Мустафа Денизли жаттықтыратын Әзірбайжанның «Хазар» командасы 32 жастағы қақпашы Давид Лория мен 34 жастағы қорғаушы Самат Смақовты шақыртуда.
«Барселона» және Испания құрамасының жартылай қорғаушысы Хави журналистика саласындағы алғашқы қадамын жасады.
«Барселона» командасының және Аргентина құрамасының шабуылшысы Лионель Месси жеке және командалық марапаттар жөнінде өз пікірін білдірді.
Бірінші орындағы клубтың жалпы құны 450 миллион долларды құрайды екен.
«Сан-Паулу» командасының 40 жастағы қақпашысы Рожериу Сени бір клуб сапында көп ойын өтікізу көрсеткіші жағынан футбол королі Пеленің рекордын басып озды.
Жаңа жейденің жағасы жасыл, ретро-стильде тігілген. Бір айта кетерлігі, жаңа жейденің сапасы мамандар тарапынан жоғары бағалануда.
«Барселонаның» шабуылшысы Лионель Месси Бразилияда өтетін Әлем чемпионатына қосымша ойын арқылы өткен Криштиану Роналду және оның құрамасының қуанышына ортақ екенін мәлімдеді.
Әлемнің екі дүркін чемпионы және Лондон Олимпиадасының жеңімпазы Зульфия Чиншанло тұрмысқа шықты.
Шотландиялық "Селтик" пен қарағандылық "Шахтер" командаларының арасындағы қарымта кездесу есебі 3-0. Ал жалпы есеп 3-2.
Қазақстандық боксшы, 2012 жылғы олимпиада чемпионы, Вэл Баркер кубогының иегері, әлемнің екі дүркін чемпионы Серік Сәпиев спорт саласындағы ерекше жетістіктері үшін «Спорт бойынша ЮНЕСКО Чемпионы» деген құрметті атаққа қол жеткізді.
Йоветич "Манчестер Ситиге" барды...
Өткен ғасырдың 80-90 жылдардағы бокс жұлдызы Майк Тайсонның атағы жыл өткен сайын жарқырап, аңызға айнала берер ме, кім білсін.
Ағылшын футболшысы Дэвид Бекхэм футболдағы карьерасын аяқтағанын мәлімдеді.
Әлемді соңғы кезде шулатып тастаған велошабандоз Лэнс Армстронг жүзумен айналыспақ. Ал оның барлық марапаттары мен медальдары допинг қолданды деген айыппен жақында ғана алынып қойған болатын.
24 ақпан күні әлемнің ең қарт марафоншысы, үндіс Фауджа Сингх соңғы рет спорт жарысына қатысты. Ең қарт деуіміздің себебі, осы жылдың сәуір айында атақты атлет 102 жасқа келеді.
Қазақстандық спортшы Денис Тен Халықаралық мәнерлеп сырғанау одағының рейтингісінде 6-орынға көтерілді.
Қытайлық баскетбол шебері Яо Мин Қытай үкіметі саяси кеңестің мүшесі болды. Ол бұл саяси сахнаға Шаңхай қаласының өкілі ретінде шығып отыр. 2002 жылдан 2011 жылға дейін АҚШ-тың Хьюстон «Ракета» командасында ойнаған болатын. Баскетбол спортында жұлдыздай жарқыраған бұл еңсегей бойлы азамат өз отанына оралғалы жылдан асқан болатын.
Бокс аңызы Мұхаммед Али қатерлі дертке ұшырап, өлім үстінде жатыр. Бұл туралы Daily Mail боксшының бауыры Рахман Алидің сөзіне сілтеме беріп хабарлады.