Өзбекстанда туған қазақ боксшы елге қоныс аударды

Өзбекстанда туған қазақ боксшы елге қоныс аударды
Фото: @amankonsbekov

Бокстан 2023 жылғы Өзбекстан Республикасының чемпионатында қола жүлде еншілеген Аман Қонысбеков Қазақстанға қоныс аударды. Ол алдағы уақытта Түркістан облысы атынан жарыстарға қатыспақ. Оқу-жаттығу жиындарын бастап та кеткен.

Аманның отандық БАҚ-қа берген сұхбатында мәлім болғандай, ол Астана қаласына көшіп келген. Спортшының мансабын Қазақстанда жалғастыруына Исатай Ізбасаров есімді ағасы қолдау білдірген. 

Боксшы 71 килоға дейінгі салмақта жұдырықтасады. Былтыр Өзбекстан чемпионатының жартылай финалында әлем чемпионы Асадхужа Муйдинхужаевпен қолғап түйістірген. 3 раунд қорытындысы бойынша Муйдинхужаев төрешілердің шешімімен жеңіске жетті. Бұл айқаста Қонысбеков 1-раундта қарсыласын бір рет нокдаунға да түсірген болатын.

Аман Қонысбеков 2004 жылы 11 шілдеде Өзбекстанда дүниеге келген. 

Спорт барлығына жетеді!

Спорттық эмоциялардың бас демеушісі 1XBET компаниясы барлық жаңа пайдаланушыларға 200 000 дейін сыйлайды! Өзіңе ұнайтын спорттық іс-шараларды қара және фавориттеріңмен бірге жеңіске жет! Толық ақпарат 1XBET.KZ сайтында және қосымшасында!

О. Сансызбай