Қазақстандық Азат Мақсұм карьерасында алғаш рет жеңілді

Қазақстандық Азат Мақсұм карьерасында алғаш рет жеңілді

Азат Мақсұм Лас-Вегаста аралас жекпе-жектен UFC Fight Night 235 турнирінде америкалық Чарльз Джонсоннан жеңіліп қалды. Бұл қазақстандық спортшының карьерасында жеңілген алғашқы жекпе-жегі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі championat.com сайтына сілтеме жасап.

Жекпе-жек үш раундқа созылып, қазылардың бірауыздан шешімімен америкалық жеңіске жетті.

Азат Мақсұм бұған дейін 17 рет жеңіске жеткен еді, оның біреуі UFC аясында болған.

Чарльз Джонсон кәсіби карьерасындағы он төртінші жеңісіне қол жеткізсе, ал Азат Мақсұм алғаш рет жеңілді.

Мақсум 2023 жылғы шілдеде UFC-дегі алғашқы жекпе-жегін өткізді: ол америкалық Тайсон Намды (21-14-1) жеңді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан