ҰОК боксшыларымыздың жекпе-жегінде жұмыс істеген кейбір төрешінің қызметіне күмән келтіріп отыр

Мира Лұқпан Корреспондент
Фото ©️ Getty Images

Сонымен қатар ұлттық олимпиада комитеті кейбір төрелік кезіндегі біржақтылыққа назар аударуды сұрады.

"Олимпиада ойындарындағы бокс бәсекесін ұйымдастырушылар бұл ескертуге назар аударып, аталған жағдайға қатысты зерттеу жүргізуге уәде берді. Аталған төрешілерге қатысты іс қозғалды.

Осы орайда, бұл іс-шараның жекпе-жектер нәтижесіне әсер етпейтінін ескеру керек.  Ережеге сәйкес,  аяқталған жекпе-жектер нәтижесі қайта қаралмайды. Алайда, төрешілердің өз қызметінде қателік жібергені дәлелденсе, олар қызметтен шеттетілуі мүмкін", - деп хабарлады Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметі.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама