Семсерлесуден Олимпиадаға қатысатын Қазақстан құрамасы анықталды

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ olympic.kz

Шпагамен семсерлесуден жекелей сында Эльмир Алимжанов, Руслан Құрбанов және Вадим Шарлаимов сынға түседі. Жарыс ережесі бойынша, жекелей сында әрбір мемлекеттен ең көп дегенде үш спортшы ғана бақ сынай алады. 

Ал Ерлік Сертай жекелей сынға қатыспайды. Ол командалық жарыста ұлттық құрамаға көмекке келіп, Париж Олимпиадасының жүлдесіне таласпақ. Командалық жарыста Эльмир Алимжанов, Руслан Құрбанов, Вадим Шарлаимов және Ерлік Сертай сынға түседі. 

Олимпиада алдындағы соңғы жаттығу жиынын шпагашылар Испанияда өткізбек.

Айта кетелік, шпагамен семсерлесуден Қазақстан ерлер командасы әлем кубогі кезеңдерінің қорытындысы бойынша Олимпиада жолдамасын иеленді.

Жоғарыда аталған төрттік жақында Кувейтте өткен Азия чемпионатында топ жарып, әлемдік рейтингте  төртінші орынға көтерілген болатын. 

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама