Рыбакина алдағы аптадағы тағы бір турнирде ойнамайтын болды

Мира Лұқпан Корреспондент
Фото ©️ Қазақстан теннис федерациясы

Алайда Қазақстан теннис федерациясы теннисші толық қалпына келмегенін, сол себепті жарысқа қатыспайтынын мәлімдеді.

"Торонто сияқты ірі жарыстарға барлық жетекші теннисшілер WTA талаптарына сәйкес бірнеше ай бұрын тіркеледі. Өкінішке қарай, Елена Торонтода денсаулығына байланысты ойнай алмайды, өйткені сырқатынан толық айыққан жоқ. Тіпті әлі кортқа да шыққан жоқ. Қазіргі кезде оның командасы Торонто турниріне қатысудан ресми түрде бас тарту үшін медициналық құжаттарды әзірлеп жатыр", - деді Қазақстан теннис федерациясының вице-президенті Диас Досқараев.

Досқараев таяу уақытта Елена еліміз үшін қандай жарыстарда ойнауды жоспарлап отырғаны туралы да айтты.

"Бұл туралы айту әзірше қиын, себебі ол әлі де емделіп, қалпына келу үстінде", - деді ол.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама