Париждегі Олимпиадада ең алғашқы жүлдені Қазақстан иеленді
10 метрге нысана көздеуден аралас командалық сында Ислам Сәтпаев пен Александра Ле қола медаль жеңіп алды. Кіші финалда олар Германия құрамасынан басым түсті. Есеп - 17:5.
Бұл медаль 2024 жылғы Олимпиадада берілген алғашқы медаль болды.
Қазір жалпы есепте Қытай 1 алтын жүлдемен көш бастап тұр. Одан кейін Оңтүстік Корея - 1 күміс медаль. Қазақстан болса үшінші орынға жайғасты.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!