Париждегі Олимпиада ойындарының билеттері қанша тұрады?

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ tickets.paris2024.org

Ең арзан баға гольф жарыстарында екен. Онда 24 еуро (12 мың теңгеге жуық) төлеп, жанкүйер бола аласыз. Ал ең қымбат билеттер жеңіл атлетика спортында: орташа баға – 224 еуро (110 687 теңге).

Өзге де жарыстардағы билеттер бағасы:

Футбол – 24-тен 300 еуроға дейін (11 859 - 148 242 теңге).
Бокс – 24-тен 520 еуроға дейін (11 859 - 256 952 теңге).
Теннис – 30-дан 420 еуроға дейін (14 824 - 207 538 теңге).
Ату спорты – 24-тен 45 еуроға дейін (11 859 - 22 236 теңге).

Билет бағасы жарыстың түріне және секторы мен орнына байланысты өзгеріп отырады. 

Жарыстың ашылу салтанаты 26 шілде күні өтеді. Салтанатты кешке қатысу үшін билет бағасы 90 еуродан басталады, ең қымбаты 3850 еуро деп көрсетілген. 

Париждегі Олимпиада ойындары 26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтеді. 

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама