Париж Олимпиадасына 100 күн қалды. Қазақстанда қанша жолдама бар?
Gracenote сараптамалық агенттігі Парижде өтетін жазғы Олимпиада ойындарына арналған болжамында Қазақстан құрамасы жалпы саны 10 медаль ұтып, жалпыкомандалық есепте 26-орын алады деп болжаған.
Статистикалық агенттік ақпараты бойынша қазақстандық спортшылар 2 алтын, 1 күміс, 7 қола медаль еншілейді деп көрсеткен. Сонымен қазір Олимпиада ойындарын жолдама алып үлгерген спорт түрлері мен спортшыларды таныстыра кетейік.
Бокс (7 жолдама)
Карина Ибрагимова - 57 кг, әйелдер
Сәкен Бибосынов - 51 кг
Сабырхан Махмұд - 57 кг
Асланбек Шымбергенов - 71 кг
Нұрбек Оралбай - 80 кг
Айбек Оралбай - 92 кг
Қамшыбек Қоңқабаев - +92 кг
Нысана көздеу (5 жолдама)
Ислам Сатпаев - пневматикалық мылтық (10 м)
Арина Алтухова - пневматикалық мылтық(50 метрден, үш позиция)
Никита Чирюкин - жылдам атылатын тапанша (25 м)
Александра Ле - невматикалық мылтық (10 м)
Константин Малиновский - үш позициядан пневматикалық мылтық (50 м)
Садақ ату (4 жолдама)
Жекелей, ерлер
Жекелей, ерлер
Жекелей, ерлер
Командалық, ерлер
Семсерлесу (4 жолдама)
Командалық, ерлер - шпага
Жекелей, ерлер - шпага
Жекелей, ерлер - шпага
Жекелей, ерлер - шпага
Велоспорт (3 жолдама)
Тас жолдағы жарыс, ерлер
Тас жолдағы жарыс, ерлер
Уақытқа жекелей жарыс, ерлер
Заманауи бессайыс (2 жолдама)
Елена Потапенко, әйелдер
Георгий Борода-Дудочкин, ерлер
Таеквондо (2 жолдама)
Самирхон Абабакиров - 58 кг
Батырхан Толеугали - 80 кг
Еркін күрес (1 жолдама)
Азамат Даулетбеков - 86 кг
Грек-рим күресі (1 жолдама)
Нұрсұлтан Тұрсынов - 87 кг
Спорттық гимнастика (1 жолдама)
Милад Карими - көпсайыс
Батут (1 жолдама)
Данил Мұсабаев - батутта секіру
Жеңіл атлетика (1 жолдама)
Жанна Мамажанова - марафон
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!