Париж Олимпиадасы. 25 шілде күні жарыс жолына кімдер шығады?

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ Сали Сабиров

Жарыстың ресми ашылу салтанаты 26 шілде күні Сена өзенінде өтеді. Одан кейін ресми түрде Олимпиада чемпиондары мен жүлдегерлері анықтала бастайды. 

Алғаш болып садақ ату шеберлері жарыс жолына шығады. Қазақстандық Ильфат Абдуллин, Дәулеткелді Жаңбырбай және Александр Еременко іріктеу кезеңіне қатысады.

Бүгін өтетін маңызды іс-шаралар

14:00.  Теннис жеребесі

17:00.  Дзюдо жеребесі

20:15.  Садақ ату. Іріктеу кезеңі. Ильфат Абдулин, Александр Еременко, Даулеткелді Жаңбырбай

22:15.  Бокс жеребесі

Айта кетейік, Қазақстаннан Олимпиадаға 80 спортшы қатысады. Ашылу салтанатында Қазақстанның Туын боксшы Асланбек Шымбергенов пен жеңіл атлет Ольга Сафронова көтеріп шығады. 

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама