Олимпиада тарихы: Қазақстан 1996 жылдан бері қанша жүлде алды?

Сұлу Бөлек Корреспондент
Фото ©️ https://t.me/olympickz

Олимпиаданың жабылу салтанаты 23:15-те болады. Әлішер Ерғали Қазақстан үшін медаль алып келуі мүмкін болған соңғы спортшы еді. Алайда балуан ирандық Әмір Азапиреге есе жіберді.

Нәтижесінде, Қазақстан 2024 жылғы Олимпиада ойындарын жеті медальмен аяқтады.

Алтын: 

  • Елдос Сметов дзюдодан алтын медаль жеңіп алды.

Күміс: 

  • боксшы Нұрбек Оралбай,
  • гимнаст Нариман Құрбанов,
  • грек-рим күресінің балуаны Демеу Жадыраев күміс иеленді.

Қола:

  • дзюдошы Ғұсман Қырғызбаев,
  • боксшы Назым Қызайбай,
  • нысана көздеушілер Александра Ле мен Ислам Сатпаев қола жеңіп алды. 

Қазақстан ХХХІІІ Жазғы Олимпиада ойындарында 1 алтын, 3 күміс және 3 қола еншілеп, 206 мемлекет ішінен 41 орында тұр.

  • Қазақстан 1996 жылы Атлантада өткен Олимпиадада 11 медаль;
  • 2000 жылы Сиднейде өткен Олимпиадада 7 медаль;
  • 2004 жылы Афинада өткен Олимпиадада 8 медаль;
  • 2008 жылы Пекинде өткен Олимпиадада 9 медаль;
  • 2012 жылы Лондонда өткен Олимпиадада 11 медаль;
  • 2016 жылы Рио-де Жанейрода өткен Олимпиадада 17 медаль;
  • 2020 жылы Токиода өткен Олимпиадада 8 медаль;
  • 2024 жылы Парижде өткен Олимпиадада 11 медаль еншіледі. 

28 жыл ішінде еліміздің намысын қорғаған спортшылар 82 жүлдеге қол жеткізген. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама