Олимпиада финалына шыққан үнділік балуан қыз жүлдесіз қалды. Неге?
Винеш Пхогат бүгін 50 килоға дейінгі салмақта финалда америкалық Сара Хильдебрандтпен күресуі керек болған. Алайда бір күн ішінде спортшы 2 кило салмақ қуып үлгермеген. Кардио және өзге де жаттығуларды белсенді жасағанмен, балуан салмағын 50,1 килодан төмендете алмаған. Өз салмағынан 100 г асып кеткен. Нәтижесінде спортшы жарыстан шеттетіліп, жүлделі орынға ілікпейтін болды.
Салмақ қуып әлсіреген спортшы есінен де танған. Ол Париждегі ауруханалардың біріне жатқызылды.
Үндістанның премьер-министрі Нарендра Моди спортшыны демеп, X әлеуметтік желісінде "чемпиондар арасындағы чемпион" деп қолдау білдірді.