Олимпиада ашылуын қайдан көруге болады?

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ Сали Сабиров, ҚР ҰОК

Салтанатты рәсім бұрынғы Олимпиадалардан өзгерек болмақ. Дәстүрлі спортшылар шеруі биыл өзгеше форматта өтеді. Атап айтар болса, шеру стадионда емес, Париждің ортасындағы Сена өзенінде өтеді.

Әрбір құрамаға арнайы қайық бөлінеді (қайық саны 100-ге жуықтауы мүмкін. Себебі, бірқатар құрамалар бір қайыққа сыймайды). Ал өзен жағалауынан шеруді жанкүйерлер тамашалай алады. Спортшылар қайықпен алты шақырым жүзеді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл шеру Париж тарихы мен архитектурасына визуалды саяхат болмақ. 

Шеру Трокадеро алаңының маңында аяқталады. Мұнда ашылу салтанатының келесі бөлігі   - Олимпиада алауын жағу рәсімі өтеді. 

Шоуды франциялық театр режиссері әрі актер Тома Жолли дайындаған. Қойылымға 3000-ға жуық әртістер қатысады. Сондай-ақ әншілер Селин Дион мен Леди Гага өнер көрсетеді деп күтілуде. 

Қазақстан уақытымен тікелей көрсетілім сағат 22:30-да Qazaqstan, Qazsport, Jibek Joly және "Хабар" арналарынан көрсетіледі. 

Айта кетейік, Қазақстаннан Олимпиадаға 80 спортшы қатысады. Ашылу салтанатында Қазақстанның Туын боксшы Асланбек Шымбергенов пен жеңіл атлет Ольга Сафронова көтеріп шығады. 

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама