Нұрбек Оралбай Олимпиаданың күміс жүлдесін иеленді

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ Владислав Семенов

80 килоға дейінгі салмақта өткен шешуші шайқаста Нұрбек барын салды. Қорғана жүріп, қарсыласының қапысын табуға ұмтылды. Раунд сайын төрешілердің есебі бөле жарылып отырды. Жекпе-жек қорытындысында Александр жеңіске жетті.

Нұрбек Оралбай Қазақстан ерлер құрамасы сапында жүлдеге іліккен жалғыз боксшы. Ол өзі қатысқан алғашқы Олимпиадада күміс жүлдегер атанды. 

Бұл салмақта Александр чемпион, Нұрбек күміс алды. Қоланы Кристиан Хавьер Пиналес (Доминикан Республикасы) пен Арлен Лопес Кардона (Куба) иеленді. 

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама