Министр Маржықпаев Тоқаевқа Олимпиадаға дайындық туралы есеп берді

Жансая Қадыржанова Корреспондент

Ермек Маржықпаев ел спортшыларының ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарына дайындығы туралы есеп берді;
лицензиялық турнирлердің қорытындысы жөнінде баяндады:

  • төрт жылдықтың басты додасына Қазақстан ұлттық құрамасы спорттың 25 түрінен 92 лицензия иеленген;
  • Парижде барлығы 80 спортшы ел намысын қорғайды.
  • ұлттық құраманың Олимпиадаға дейінгі оқу-жаттығу жиындары мен спортшыларды қолдау шаралары туралы айтты;
  • спортты басқару институттарын жетілдіру бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстардың есебін берді.

Мемлекет басшысы Олимпиада ойындарының спортшыларымызға зор жауапкершілік жүктейтінін атап өтті. Сондай-ақ, Қазақстан құрамасы әлем алдында мәдениетті, ұстамды әрі озық үлгілерімен ерекшеленуге тиіс екеніне назар аударды.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама