Еркін күрестен 97 килоға дейінгі салмақта бақ сынайтын қазақ балуаны Әлішер Ерғали Париждегі Олимпиада ойындарына жолдама алды. Бішкекте өтіп жатқан лицензиялық жарыста қарсыластарынан айласын асыра білді.
Әлішер жарысты ширек финалдан бастады. Бірінші белдесуінде қырғызстандық Андрей Ароновты 10:0 есебімен жеңіп, жартылай финалға жолдама алды. Ал жартылай финалда Қытайдағы қандас қазақ Әбусайман Хабиланы 3:2 есебімен жеңіп шықты.
Бүгін 74 килоға дейінгі салмақта жолдама үшін белдесіп, жартылай финалға шыққан тағы бір балуанымыз Нұрғожа Қайпанов ирандық балуанға жол беріп, жолдама иелене алмады.
Айта кетейік, осыған дейін еркін күрестен Азамат Дәулетбеков (87 кило) пен грек-рим күресінен Нұрсұлтан Тұрсынов (86 кило) жолдама жеңіп алған еді.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз