Қазақстандық спортшы Олимпиада рекордын жаңартқан сында ширек финалға шықты
Қазақстандық құзға өрмелеуші биіктікті 4,89 секундта бағындырды. Бұл Париждегі Олимпиада ойындарында құзға өрмелеуден алғашқы рекорд болды. Алайда қазақстандық спортшы нәтижесінен кейін бұл нәтиже тағы екі рет жаңарды.
Соңғы болып әлем және Олимпиада рекордын америкалық Сэм Уотсон жаңартты. Ол биіктікке 4,75 секундта өрмелеп шықты.
Ширек финалдағы кезең 8 тамыз күні басталады. Отандасымыз 1/4 финалда ирандық Әлипур Резамен сайысады.