Қазақстандық мамандар Олимпиадада төрелік жасайды
Қазіргі мәлімет бойынша, Париж Олимпиадасына 12 қазақстандық маман төрелік етеді. Олар:
1. Алуа Бектұрова (көркем гимнастика)
2. Ольга Соловьева (ауыр атлетика)
3. Әлия Каримова (әртістік жүзу)
4. Юлия Игнатченко (теннис)
5. Меруерт Қаукеева (теннис)
6. Тимур Әмірбеков (спорттық гимнастика)
7. Евгений Дьякокин (семсерлесу, сабля)
8. Евгений Михеев (баскетбол)
9. Ерік Жұмабеков (күрес)
10. Игорь Лигай (күрес)
11. Әлішер Алтаев (бокс)
12. Ермек Сүйеніш (бокс)
Олимпиада ойындарында төрелік ету үлкен білікті талап етеді. Одан бөлек, халықаралық федерациялар жазғы ойындарға баратын төрешілерді қатал іріктеуден өткізеді. Әлемдік ұйымның сынағынан сүрінбей өтіп, сайдың тасындай іріктелген мамандар ғана ең мәртебелі жарыс – Олимпиада ойындарында қызмет етеді.
Айта кетейік, Париждегі Олимпиада ойындарына Қазақстаннан 80 спортшы қатысады. Ал ашылу салтанатында еліміздің Туын боксшы Асланбек Шымбергенов пен жеңіл атлет Ольга Сафронова көтеріп шығады.