Қазақстан құрамасы Олимпиада ашылуына қатысты

О Сансызбай Корреспондент

Салтанатты шарада Қазақстанның туын боксшы Асланбек Шымбергенов пен жеңілатлет Ольга Сафронова көтеріп тұрды. 

Айта кетейік, Қазақстан құрамасының спортшылары биыл алғаш рет Олимпиада бағдарламасына енген брейкинг және бадминтон сияқты спорт түрлерінен өнер көрсетеді. Брейкингтен ел намысын Әмір Зәкіров қорғаса, бадминтон сайысында Дмитрий Панарин бақ сынайды.

Жарысқа 205 елден 10 мыңнан астам спортшы қатысады. Олар 32 спорт түрінен 329 медаль жиынтығын сарапқа салады.

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама