Қазақ балуандары бірінші белдесуінде-ақ жеңіліп қалды

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ olympic.kz

86 килоға дейінгі салмақта бақ сынаған Азамат Дәулетбеков америкалық Аарон Брукспен белдесті. Тартысқа толы болған шайқаста қарсыласы 4:3 есебімен айласын асырып кетті. 

57 килоға дейінгі салмақта жарыс жолына шыққан Мейрамбек Қартбай қырғыз балуаны Бекзат Алмаз улууна жол берді. Қарсыласы 4:1 есебімен айқын жеңіске жетті. 

Қазақстандық балуандардың қарсыласы финалға шықса, онда жұбаныш белдесу арқылы қола жүлдеге таласуына мүмкіндік бар. Егер америкалық немесе қырғыз балуаны финалға шықпаса, отандастарымыз Олимпиаданы аяқтайды. 

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама