"Ешкімнің атағына қарамай күреседі". Бас бапкер дзюдошылардың Олимпиадаға тас-түйін дайын екенін айтты

Мира Лұқпан Корреспондент
Фото ©️ olympic.kz

Ол әрбір спортшы татамиде  барын сала күресетінін айтты. 

"Қазіргі таңда Қазақстан құрамасы Париж Олимпиадасына тас-түйін дайын. Кеше жазғы Ойындардың жеребесі тартылды. Төртжылдықтың басты бәсекесінде осал спортшы болмайды. Жеребеге қарап, қарсыласты бөліп жармаймыз.

Дзюдошыларымыз намыс, абыройды бірінші орынға қойып, ешкімнің атағына қарамай күреседі. Бұл жарыста бәрінің мүмкіндігі бірдей. 

Ертең күресетін спортшыларымыз бүгін жарыс алдындағы салмақ өлшеу рәсіміне қатысады. Бірінші болып татамиге Елдос Сметов пен Абиба Әбужақынова шығады. Біз спортшыларымызға әрдайым сенеміз және қолдаймыз", - деді бас бапкер. 

Еске салайық, бұған дейін қазақстандық дзюдошылардың алғашқы айналымындағы қарсыластары анықталғанын хабарлаған едік.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама