"Ешкім Олимпиадаға жеңілемін деп бармайды". Бокстан бас бапкер мәлімдеме жасады

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ olympic.kz

Команданың бас бапкері Мырзағали Айтжанов спортшылардың бабында екенін айтып, барлық боксшыдан үміт күтетінін жеткізді. 

"Қазір менен командадада фаворит кім деп сұрап жатқандар көп. Олимпиада алдында боксшыларды дәл бұлай бөлуге болмайды. Себебі, Олимпиаданың рухы бөлек. Бұл жарыс басқа бәсекелермен тең келмейді. Сондықтан, олимп шыңына ең мықты деген спортшылар шығады.

Біздің құрамадағы жігіттердің бәрі жақсы. Ешкім Олимпиадаға жеңілемін деп бармайды. Оның үстіне, салмақ дәрежелері де аз, жетеу ғана.

Біз жеңісті дәстүрімізді қайта жалғастырып, Париж төрінде жанкүйерлерді қуантамыз деп сенемін. Қазір командада төрт әлем чемпионаты, екі Олимпиада жүлдегері бар. Барлық жігіттер тәжірибелі. Енді тәжірибесін шеберлікпен ұштастырып, Олимпиадада жақсы өнер көрсету ғана қалды", - дейді бас бапкер.

Бокстан Қазақстан ерлер құрамасы Париж Олимпиадасына толық құрамда барады.

Париж шаршы алаңына шығатын спортшылар: 

51 келі: Сәкен Бибосынов
57 келі: Махмұд Сабырхан
63,5 келі: Мұхамедсабыр Базарбайұлы
71 келі: Асланбек Шымбергенов
80 келі: Нұрбек Оралбай
92 келі: Айбек Оралбай 
+92 келі: Қамшыбек Қоңқабаев

Айта кетейік, Париждегі Олимпиада ойындары 26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтеді. Жарысқа 205 елден 10 мыңнан астам спортшы қатысады. Олар 32 спорт түрінен 329 медаль жиынтығын сарапқа салады.

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама