Ертең, 8 тамызда Олимпиада ойындарында еркін күрес шеберлері жарыстарын бастайды. Бүгін жеребе тартылып, қазақстандық балуандардың алғашқы қарсыластары белгілі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Париж Олимпиадасында еркін күрестен Қазақстан намысын төрт балуан қорғайды.
86 келі. 1/8 финал. Азамат Дәулетбеков — Аорон Брукс (23 жасқа дейінгілер арасында Әлем чемпионы)
86 келіге дейінгі салмақта әлем чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері Азамат Дәулетбеков алғашқы айналымда АҚШ-тың ішкі іріктеуінде Токио Олимпиадасының чемпионы Давид Тейлордан айласын асырған Аорон Брукспен шеберлік байқасады.
57 келі. 1/8 финал. Мейрамбек Қартбай — Бекзат Алмаз уулу (Қырғызстан)
Ал 57 келіде Ресей спортшыларының жарыстан бас тартуына байланысты маусым айында ғана жолдамаға иелік еткен Мейрамбек Қартбай Қырғызстан өкілімен шығады.
Еркін күрестегі қос шеберіміз ертең алғашқы белдесуін өткізеді.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!