Ең көбі - 366 миллион теңге. Қазақстан Олимпиадада ең көп сыйақы беретін бес елдің қатарына кіреді

Жансая Қадыржанова Корреспондент
Фото ©️ ©olympic.kz

CNBC Ұлттық Олимпиада комитеттерінен, спорт қауымдастықтарынан сыйақы мөлшері туралы ақпарат жинаған.

Гонконг тізімде көш бастайды, бұл ел алтын медаль алғандарға 768 мың доллар береді. Бұл - шамамен 366 миллион теңгеден асады.

Сингапур да бұдан қалыс қалмайды. 745 мың доллар береді. Индонезия Олимпиадада бірінші болғандарға 300 мың доллар, Израиль 271 мың доллар береді.

Қазақстан бестікті аяқтайды. Еліміз биыл да Олимпиада чемпиондарына 250 мың доллар береді.

Айта кетейік, Қазақстан 2024 жылғы Олимпиада ойындарын жеті медальмен аяқтады.

Алтын: 

  • Елдос Сметов дзюдодан алтын медаль жеңіп алды.

Күміс: 

  • боксшы Нұрбек Оралбай,
  • гимнаст Нариман Құрбанов,
  • грек-рим күресінің балуаны Демеу Жадыраев күміс иеленді.

Қола:

  • дзюдошы Ғұсман Қырғызбаев,
  • боксшы Назым Қызайбай,
  • нысана көздеушілер Александра Ле мен Ислам Сатпаев қола жеңіп алды. 

Қазақстан ХХХІІІ Жазғы Олимпиада ойындарында 1 алтын, 3 күміс және 3 қола еншілеп, 206 мемлекет ішінен 41-орында тұр.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама