Елжана Тәниева көркем гимнастикадан Олимпиада финалына шыға алмады

Мира Лұқпан Корреспондент
Фото ©️ olympic.kz

Аталған спорт түрінен Қазақстан намысын Елжана Тәниева қорғаған болатын. Ол көпсайыс қорытындысы бойынша 13-орын иеленіп, финалдан сырт қалды. 

Ол төрт жаттығу қорытындысы бойынша 126.600 ұпай жинады.

Айта кетелік, Олимпиада ойындарында көркем гимнастикадан тек көпсайыс нәтижесі бойынша ғана жеңімпаздар анықталады. 

Іріктеуге қатысқан 24 гимнастың ішінен тек 10 спортшы ғана ақтық сынға жолдама алады. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама