Демеу Жадыраев – жартылай финалда! Отандасымыз атақты қырғыз балуанын жеңді

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ Тұрар Қазанғапов

Грек-рим күресінен 77 килоға дейінгі салмақта өткен белдесуде Демеу қарсыласын 3:1 есебімен жеңіп шықты. Ақжол қазақ балуанына басты қарсыластың бірі болатын. Екі дүркін әлем чемпионы, үш дүркін Азия чемпионы, Токиодағы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері болатын.

Жартылай финалдағы белдесулер Қазақстандағы уақытпен кешкі сағат 21:15-те басталады. Финалға жолдама үшін таласта ол Әзербайжан балуаны Санан Сүлеймановпен белдеседі.

Қазақ балуаны бірінші белдесуінде колумбиялық қарсыласын айқын жеңіп шыққан еді.

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама