Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасы Олимпиада алдындағы соңғы жаттығу жиындарын бастады
Алматы облысында өтетін жиында бапкерлер тактикалық және психологиялық бағытқа басымдық танытуда.
Қазіргі жиында 28 боксшы болса, оның ішінде үш спортшы Олимпиадаға қатысады: Назым Қызайбай, Карина Ибрагимова және Валентина Хальзова.
Тағы бір айта кетерлік жайт, Парижге әр салмақта жәрдемдесетін спортшылар да аттанады.
Спарринг серіктестер:
50 кило. Гүлнар Тұрапбай
57 кило. Жайна Шекербекова
75 кило. Жасмин Қизатова
Әйелдер командасы Францияға 21 шілде күні жолға шығады.