Байдарка мен каноэде есуден Қазақстан Олимпиаданың тағы 2 жолдамасына ие болды
Екі адамдық байдаркамен 500 метрге жарысудан Қазақстан құрамасының мүшелері Сергей Токарницкий мен Бекарыс Раматулла Париж Олимпиадасының лицензиясын жеңіп алды.
Ал әйелдер арасында да екілік каноэде 500 метрге жарысудан сынға түскен түскен Маргарита Бровкова мен Руфина Искакова жолдамаға қол жеткізді. Олар финалдық кезеңде бірінші болып келді.
Бұған дейін Сергей Емельянов пен Тимур Хайдаров Париж Олимпиадасына қатысу мүмкіндігін жеңіп алған болатын.
Қазіргі таңда Қазақстан қоржынында 35 жолдама бар.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!