63.5 килода спаррингтік жарыстың финалына шыққан боксшылар анықталды

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ @Сали Сабиров

Жартылай финалда Мұхаммедсабыр Жандос Қыдырәлиевпен кездесті. Бірінші раундта қарсыласына жол бергенмен, кейінгі раундтарда басымдығын байқатып шықты. 

Екінші жартылай финалда Дулат Бекбауов пен Серік Теміржанов қолғап түйістірді. Дулат жаңа салмақтағы алғашқы жекпе-жегіне шықса, Серік бұл салмақта бірнеше жарысқа қатысып үлгерді. Жанкүйерлер асыға күткен кездесу шайқасқа толы болды. Кейінгі екі раундта белсенді болған Дулат финалға жолдама алды. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама