60 килода Олимпиадаға баратын дзюдошы өзара белдесу арқылы анықталады
Іріктеу белдесулері ұлттық құраманың Алматы қаласында өтіп жатқан оқу-жаттығу жиыны аясында ұйымдастырылады. Олимпиадалық рейтинг бойынша үш спортшымыздың Парижге баруға мүмкіндігі бар.
Халықаралық дзюдо федерациясының және Халықаралық Олимпиада комтетінің ережесі бойынша жазғы Олимпиада ойындарына дзюдодан әр салмақтан әр елден тек бір спортшы қатысады. Қазіргі таңда 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қазақстандық үш спортшы, атап айтқанда, Нұрқанат Серікбаев, Елдос Сметов және Мағжан Шамшадин Олимпиадалық рейтингте жолдама иегерлері тізімінде тұр, - деп хабарлады ресми мәлімдемеде.
Айта кетейік, Париж Олимпиадасы 26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтеді.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!