Нұрсұлтан Тұрсынов Олимпиаданың жартылай финалына шыға алмады

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ Тұрар Қазанғапов

Грек-рим күресінен 87 килоға дейінгі салмақта боз кілемге шыққан отандасымыз екінші белдесуінде бірінші болып ұпай алды. Партерде әдіс жасап, есепті ұлғайтты. Нәтижесінде бірінші кезеңде 3:0 есебімен жеңіп шықты. Алайда екінші кезеңде қарсыласының айласы басым болып, 7:3 есебімен Жан жеңіске жетті. 

Жан Беленюк Риода күміс алған, ал Токиода Олимпиада чемпионы атанды. Украина радасының депутаты. Ол финалға шықса Нұрсұлтан Тұрсынов қолаға таласуға мүмкіндік алады. 

Нұрсұлтан Тұрсынов бірінші белдесуінде мысырлық Мохамед Метуаллиді жеңіп, ширек финалға шыққан еді.

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама