Грек-рим күресі: Айдос Сұлтанғали қырғызстандық әлем чемпионына жол берді

Мира Лұқпан Корреспондент
Фото ©️ Сали Сабиров

Өкінішке қарай, 60 келі салмақтағы балуанымыз Айдос Сұлтанғали бірінші белдесуде қырғызстандық әлем чемпионы Жоламан Шаршенбековке есе жіберді. 

Енді Айдос қарсыласы финалға шыққан жағдайда жұбаныш белдесуіне қатысады. 

Еске салайық, бұған дейін бірінші болып жарыс жолына шыққан Әлімхан Сыздықов Олимпиаданы жеңіспен бастап, ширек финалға шыққанын жазған едік.

Грек-рим күресінен 130 келі салмақта бақ сынаған қазақ балуаны бірінші белдесуінде румын Алин Алексук-Чурариудан айласын асырды. Есеп – 3:1. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама